Армения ЕАЭО шеңберіндегі автокөліктер үшін бірыңғай төлқұжат шығарады

14:50, 19 ақпан 2020
4695

Армения ЕАЭО территориясындағы автокөліктер үшін бірыңғай төлқұжат формасын енгізу процесіне қосылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжіліс Арменияның көлік құралдарының бірыңғай төлқұжаты формасын (көлік құралының шасси төлқұжаты) және өздігінен жүретін көлік құралының төлқұжатын енгізу келісіміне қосылуы туралы хаттамасын ратификациялады.

Заң жобасының қорытындысында, "Армения келісімге қосылып, электрондық төлқұжаттар жүйесін енгізуге міндет алады" деп жазады "Казахстанская правда".

"Келісім бірыңғай төлқұжат бланкілерін, соның ішінде ЕАЭО аумағында өндірілетін және тіркеуге жататын көлік құралдарына және басқа да көлік құралдарына берілген электрондысын да пайдалануға жағдай жасауға көмектеседі", делінген құжатта.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір