Армения билігі елден көлік алып кеткен қазақстандықтарға ескерту жасады

09:38, 17 ақпан 2020

Армения мемлекеттік кіріс комитеті бұл елде көлік сатып алып, осында тіркеуге қойған Қазақстан азаматтарына салық төлеу қажеттігі туралы ескертті, деп хабарлайды zakon.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Комитет басшысының орынбасары Шушан Нерсисяннің айтуынша, өз міндетін дер кезінде орындамаған тұлғаларға айыппұл салынады.

Жалпы өткен жылы Арменияға шетелден 189 мың автокөлік әкелінген болатын. Олар үшін мемлекет қазынасына 146 миллион доллар мөлшерінде кедендік салық төленді.

Шушан Нерсисян қазақстандықтар сатып алған көліктерге қатысты барлық ақпарат Нұр-Сұлтандағы әріптестеріне табыс еткенін хабарлады.

Шушан Нерсисян, Армения мемлекеттік табыстар комитеті басшысының орынбасары:

- Мүлік салығын төлеу үшін онлайн-платформасын құру бастамасы бар. Дегенмен, бұл жоба жүзеге аспаса немесе кейін іске қосылса да мүлік салығын төлеу міндеті сақталады. Арменияға көлігін тіркеуден алып тастауға келген азаматтар борышын өтемей мұны істей алмайды. Егер биыл салық төлемесе, келесі жылы оларға айыппұл салынады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!