Anytime көлігін жалдаған қолданушы Алматыда апат жасады

09:26, 16 қазан 2019
2630

Алматының Розыбакиев пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында жалға берілетін жеңіл көлікті мініп алған жүргізушінің жасаған апаты куәгердің регистраторына түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.

Anytime каршеринг қызметінің Volkswagen Polo көлігін мінген қолданушы "өтіп үлгерем" деген асығыс ойдың құрбаны болды: Toyota Yaris сол жақ бүйірден дүңк еткізді.

Соққы алған Volkswagen Polo сол екпінмен тағы екі көлікті сырып өтті. Төрт автокөлікке зақым келді. Адамдар аман.

"Алматыда осы бір каршеринг қызметінің пайда болғанына бір жыл болды, сол уақыт ішінде сол көліктердің қатысуымен Алматыда талай жол-көлік оқиғасы болып үлгерді", деген ойын қосады kolesa.kz тілшісі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!