Алтын BMW үшін полицеймен алысқан қыз кім

10:59, 6 маусым 2019
3355

Алматыда полиция киімін киген қарынды кісі мен оған бой бермей, эвакуаторға тиелген алтын түсті BMW-сына терезеден кірген сәнқой қыздың оқиғасына қатысты полиция өкілдері мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Алматы полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған видеоны тексерді. Ондағы кейіпкерлердің полицияға қатысы жоқ. Тексеру барысында бұл видеоның музыкалық клиптің тизері үшін түсірілген эпизод екені анықталды, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Ал енді сол видеоны түсірген продюсерлік орталықтың өкілі түсіндіргендей, клип авторлары ішкі істер органдарын мазақ қылғысы келмеген, олардың мақсаты жол ережесін бұзған адамдардың бейшара жағдайға тап болатынын көрсету болған.

– Идея авторларының әрекетіне әлі құқықтық баға беріледі. Заңды бұзған тұстары табылып жатса, жазасын алады, – деп атап өтті полиция.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!