Алматыға кіретін жүк көліктеріне талап күшейтілді

08:47, 5 наурыз 2021
4546

© Сурет: видеодан кадр

Алматыға кіріп-шығатын жүк көліктеріне қойылатын талап күшейтілді. Ережеге бағынбағандардың көлігі арнайы тұраққа қойылады, салынатын айыппұл көлемі де көбейеді, деп хабарлайды zakon.kz "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Көлікке шамадан тыс ауыр жүк тиеп, тас жолды талқан қылатындар саны азаймай тұр. Осыған орай, қалалық көлікті бақылау инспекциясының мамандары қалаға кіріп-шығатын жүк көліктеріне қатысты талапты күшейткен. Ережеге бағынбағандардың көлігі арнайы тұраққа қойылады, салынатын айыппұл көлемі де көбейеді. Сала мамандары бүгін жол бойында жүк көліктерін тоқтатып, арнайы таразыға тартты.

Қалалық көлікті бақылау инспекциясының мамандары бүгін "Жолда қабылдау" акциясын Алматы-Талдықорған тас жолында өткізді. Себебі бұл республикалық маңызы бар күре жол болғандықтан көлік ағыны көп. Алғашықылардың бірі болып Қапшағайдан Алматыға құм тиеген камаз тоқтатылды. Ол көлігіне белгіліген шекті мөлшерден асыра жүк тиегені үшін әкімшілік хаттама толтырылып, ірі көлемде айыппұл салынды.

Бұзушылық анықталған жағдайда автокөлік құралдары айыппұл тұрағына тұрғызылады. Бұл жердегі айыппұлдардың мөлшері субъектісіне байланысты. Мысалы, жеке кәсіпкер болады, орта кәсіпкер, ірі кәсіпкер. Жол берілген параметрді асу фактісіні анықталған жағдайда, артық жүкті түсіріп, содан кейін ғана жүруге рұқсат етіледі, деді қалалық көлік бақылау инспекциясының бас маманы Ерлан Жүсіп.

Көліктердің шамадан тыс жүк артуы - жол сапасының бұзылуына себеп. Одан бөлек, көктемгі қар еру мен су тасу маусымында жол қыртысы тез бұзылады екен.

Жолды салмас бұрын жобалау институттары жолды жобалайды. Сол кезде жолға түсетін ауыртпашылық есептеледі. Сол есеп бойынша жол салынады. Сол есептелген салмақтан артық салмақ салып жүрсе көлік, жолдың жарықшалар болуына, отырып кетуіне себеп болады, деді "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Мәулен Әліпов.

Өткен жылы мыңға жуық ауыр салмақтағы жүк көліктері тексерілген. Оның ішінде 933 құқық бұзушылық анықталып, жалпы құны 75 млн теңге айыппұл салынған.

Жүк көліктерін айдайтын жүргізушілердің көпшілігі өз ережесін көп жағдайда білмей жатады. Бүгінгі өткізіліп отырған шараның да мақсаты осы. Негізгі талапты бұзғандарға айыппұл салынып, басқа жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, деді Алматы қалалық "Адалдық алаңы" жобасының төрайымы Айнұр Сәбитова.

Бүгінде мұндай жүк көліктерінің қалаға кіріп шығуын бақылайтын жылжымалы екі авто бекет бар. Сәйкесінше, қаланың әр түкпірін қамтып үлгермейді екен. Алдағы уақытта оның жұмысын автоматтандыру көзделіп отыр. Мамандардың айтуынша, жүк көліктерінің салмағын автоматты түрде өлшенетін болса, құқық бұзушылық азайып, сыбайлас жемқорлық фактілері азаймақ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір