Алматыда жүрген жалған «дипломат» ұсталып қалды

16:34, 24 қыркүйек 2021

© Сурет: kolesa.kz

Алматыдағы Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы Есен Искаков Facebook парақшасында машина "Борышкер" шарасы жүріп жатқанда Абылай хан көшесінде көзге түскенін жазды, дейді kolesa.kz.

Тексеріс барысында полицейлер жүргізушінің Мәскеудегі біздің елшілікке еш қатысы жоғын және көлік нөмірі жалған екенін анықтады. Автомобиль Ресейде тіркелген.

Нөмір тәркіленіп, BMW айыптұраққа жіберілді. Тәртіп сақшылары жүргізушінің атына Әкімшілік кодекстің 590-бабы, 3 және 4-бөлігі бойынша хаттама толтырды.

Жалған мемлекеттік нөмір үшін 15 АЕК айыппұл салынады, ал ондай көлікті басқарған адам қосымша 20 АЕК төлеп, бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Дәл осы баппен жыл сайын көп тұрғын жазаланады, алайда заң бұзушылар көбейіп барады. Қазақстанда ресейлік көлікке тиесілі нөмірдің көшірмесі мен UN-нөмір таққан машинаны кездестіру қиын емес.

153 D 425 77 нөміріндегі ұқсас F10 расымен Мәскеуде жүрген, бірақ ол 2017 жылы болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!