Алматыда Сүйінбай даңғылының белгілі бір бөлігі бірнеше күнге жабылады

17:22, 10 маусым 2021

© Сурет: 365.info

Алматыда Сүйінбай даңғылы бірнеше күнге жартылай жабылады, деп хабарлайды zakon.kz.

10 маусымнан 15 маусымға дейін сағат 8: 00-ден 19: 00-ге дейін жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатуымен байланысты Сүйінбай даңғылындағы Рысқұлов даңғылынан Баянаульская көшесіне дейінгі бөлігі уақытша жартылай жабылады, деп хабарлады қалалық мобильділік басқармасы.

Құзырлы мекеме қала тұрғындарынан осыған байланысты өз маршрутын алдын-ала жоспарлап алуды сұрады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!