Алматыда №120 маршрутқа жаңа жасыл автобустар беретін болды 

09:23, 23 қаңтар 2020

Алматыэлектротранс муниципалды автобус паркі жаңа Zhongtong автобустарымен толықты. Бүгіннен бастап олар қала көшелеріне шығады, деп хабарлайды zakon.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көптеген өтініштер бойынша 120 және 120А маршруттарының паркі 100% жаңартылды. Енді жоспарлы 30 бірлік бағыт бойынша жүрсе, тағы алты бірлігі резервте болмақ.

Мемлекеттік тіркеуден және "Оңай" жабдығын орнатқаннан кейін автобустар жұмысқа дайын.

Барлық автобустардың сыйымдылығы жоғары, едендері төмен, қаладағы жолаушыларды тасымалдауға арнайы дайындалған. Автобустар қысылған (компримирленген) табиғи газбен (CNG) жұмыс істейді, кондиционер және бейнебақылаумен жабдықталған.

Сыйымдылығы — 104 адам, 22 отыратын орын және мүмкіндігі шектеулі жолаушыға арналған 3 орын бар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!