Алматыда қырғыз нөмірлі бір көліктің күні бітті

15:12, 24 қыркүйек 2021

© Сурет: zakon.kz

Алматыда бетон таситын жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Боралдай көшесімен солтүстік бағытта Қапшағай көпіріне қарай келе жатқан кішкентай Toyota Ist көлігінің кенет тоқтай қалғанын күтпеген Shacman жүргізушісі үшін бүгін сәтсіз күн екен.

Ол тоқтап үлгермей, алдындағы мәшинені соғып жіберді. Артынан оңбай соққы алған Toyota Ist қарсы жолаққа ұшып, сол жерде оны Hyundai Getz көлігі тұмсықтан тағы соқты.

Сирек кездесетін сәнді Toyota Ist көлігінің ендігі түрі адам шошытарлық. Полицейлер тергеуге кірісті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!