Алматыда Құрманғазы көшесінің бір бөлігі үш күнге жабылады

17:28, 22 маусым 2021

© Сурет: riastrela.ru

Алматыда апаттық жұмыстарға байланысты Құрманғазы көшесіндегі жол қозғалысы үш күнге шектеледі, деп хабарлайды zakon.kz.

23 маусымда сағат 9:00-ден 26 маусымның 9:00 уақытына дейін Құрманғазы көшесінің оңтүстік жағында (шығыс бағытта) Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейінгі аралықта көліктердің қозғалысы шектеледі, - деді "Алматы жылу желілері" ЖШС.

Уақытша шектеу шарасы осы көшенің жол астынан өтетін жылу желілеріндегі шұғыл жұмыстармен тығыз байланысты енгізілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!