Алматыда екі көше бір айға ішінара жабылады

14:37, 10 тамыз 2021
1390

© Сурет: zakon.kz

Алматының Алмалы ауданындағы екі көше жылу желілерінің жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, деп хабарлайды zakon.kz.

12 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында Алматы қаласының Алмалы ауданында Досмұхамедов көшесі (Жамбыл көшесінен Шевченко көшесіне дейін) мен Шагабутдинов көшесі (Қабанбай батыр көшесінен Жамбыл көшесіне дейін) бойында көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды "Алматы жылу желілері" ЖШС.

Енгізілген шектеулер аталған көшенің жол астынан өтетін магистральдық құбырды қайта жөндеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.

Тұрғындарға ыстық су уақытша қосылған құбыр арқылы берілетін болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!