Алматыда біреу отыз жылдық ескі Mercedes-ті 23 млн-ға сатқалы жүр

11:46, 29 қыркүйек 2020
2792

«Жасы» отызға таяған Mercedes-Benz W124 23 млн тұрады, деп жазады kolesa.kz.

Автокөлік порталында 1993 жылғы Mercedes-Benz E-Class W124 сатылып жатыр. Көлік иесі оны 23 млн теңге, яғни 54 мың долларға бағалады. Сырттай машина E500 немесе 500E моделіне ұқсайды. Шын мәнінде ол Mercedes-Benz-тің түрлі бөлшектерінен жиналған.

Капот астына W211-ге тиесілі 5.5 литрлік компрессорлы агрегат орнатылған, ал беріліс қорабы S65 AMG-ден алыныпты. Шеберлер машинаның енгізу, шығару жүйелерін түрлендіріп, компрессор тегершігін ауыстырған, ал V8 күшті 600 күшке дейін арттырды.

Седанды жасаған адам екі контурлы пневмоаспа мен E55 AMG (W211) тежеуішін орнатып, салонын қайта тігіпті. Көліктегі аудиожүйе де өзгеше.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!