Алматы мен Нұр-Сұлтан автотұрақтарын енді тегін етіп жатыр

15:21, 20 наурыз 2020

Алматының ақылы тұрақтарының қожайындары ақылы жүйесін тек 25 наурызға таман толық тоқтата алады. Оны өшірудің өзі тым күрделі жұмыс екен, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бірақ "Алматы СпецТехПаркинг Сервис" ЖШС директоры Марат Принбековтің айтуынша, Алматы тұрғындарына ертеңнен бастап-ақ тұрақ үшін ақы төлемеуіне болады.

"Халық үшін тегін тұрақ режимі" қанша уақытқа созылатынын М.Принбеков айта алмады.

Ал Нұр-Сұлтанның тұрақтары бүгіннен бастап тегін болып шыға келді. Басқарушы компанияның сайтында жарияланғандай, тұрақтан ақша табатын кәсіпкерлер тегін режимге 15 сәуірге дейін көніп отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!