Ақылы жол халықтың ашуын туғызып жатыр

11:26, 8 шілде 2021

© Сурет: видеодан кадр

Желі қолданушылары ақылы автобанның тарифін қызу талқылап жатыр. Жүргізушілердің бірі терминал маңында тұрып, аппараттың жолда жүру ақысын есептеп жатқанын видеоға түсіріп, ғаламторға салғаны сол еді, ел-жұрт шулап шыға келді. Роликтің авторы қазір ғана Алматыдан Жаркентке дейін және кері қарай 600 шақырым жүріп келгенін, сол үшін 15 мың теңге төлегенін айтып шамданған, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Онлайн отырғандар ондайды нағыз сорақылық санап, трасса ақысының инфрақұрылымға мүлдем сәйкес келмейтінін айтып ашынды. Елдің ойынша, мұндай ақша төлеген адамға жол бойы тегін шай-тамақ, демалатын орындар мен жуынатын жерлер дайын тұруы керек. Жолдағы дәретханалардың ешқашан тазаланбайтыны, трасса бойында жарықтың жоқтығы, күн ысыса көтеріліп кететін бетон плиталар сияқты кемшіліктер жіпке тізілді. Алыс-жақын шетелдердегі ақылы автобандар мысалға келтірілді.

Ал "ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, бұл жүк көлігі 3 шілде күні ақылы жолға Байсерке аулының маңынан қосылған екен, оған 300 теңге жазылған. Ертесіне Алматыдан Жаркентке дейін 7350 теңгеге жол жүрген. Сосын кері қарай дәл осы сома шығатын қашықтықты еңсерген. Жүксалғышы 15 тоннадан асатын көліктердің тарифі бойынша осылай 15000 теңге төлеген екен.

Одан бөлек, даулы видеоның авторы көлігінің мемлекеттік нөмірін жасырып, камераларды алдамақ болыпты. Бірақ онысынан түк шықпай, айыппұл арқалаған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!