Ақпанның соңында қытайлық Camry 70 сатыла бастайды

14:30, 11 ақпан 2021

Toyota Camry XV70 бірнеше нарықта, соның ішінде АҚШ, Еуропа және Жапонияда жаңартудан өтті. Бәріндегі өзгеріс бірдей. Бірақ қытайлық нұсқадағы XV70 басқалардан өзгеше болып шықты. Әсіресе салоны, дейді kolesa.kz.

Қытайлық нұсқада 10,1 дюймді сенсорлық монитор қойылған. Мультимедиалық комплекс дауыспен басқарылады. Сонымен қатар, саймандар панелі де цифрлы.

Агрегаты өзгеріссіз қалды. Іштен жанатын қозғалтқышы 8 сатылы автоматпен жұптасады. Ал бензинді-электрлік нұсқасы вариатормен жұмыс істейді.

Қытайда жаңарған Camry XV70 көлігінің сатылымы 2021 жылы ақпанның соңында басталады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!