2030 жылы жарыс көліктерінің арасында тарихи өзгеріс болады

10:51, 17 мамыр 2017

Бельгия азаматтары Йерун Клаус пен Фабиан Брис бастаған қос бірдей дизайнер 2030 жылы «Ле-Мана 24 сағат» көлік жарысында өздерінің Tesla көліктері қандай болатынын көрсетті. Футуристік жарыс көлігінің дөңгелектері 3D басып шығару аппаратында өндіріледі. Ол ғана емес, терезелері мен өзге де бөлшектері осы әдіспен құрастырылады. 

«Ле-Мана 24 сағат» бұл әлемдегі ең ескі көлік жарыстарының бір түрі. Бұл көлік жарысы көптеген көліктің қайта құрылуына және өңделуіне әсерін тигізді. Тек 86 жылдан кейін «Ле-Мана 24 сағат» көлік жарысында гибридті көліктердің жарысқа қатысуына тыйым салды. 

Соңғы кездері жарыс көліктерінің көбі электронды технологияға өтіп жатқандықтан, бұл көлік иелерінің де, жұрттың да қызығушылығын тудырып келеді. Тіпті іштей болжамға қарағанда аз уақыт ішінде жарыс көліктері майды қажет етпейді. Ал жоғарыда атап өткен қос бірдей Бельгия азаматы бұл болжамды нақтылай түскен. Олар бұл 2030 жылы орын алады деп күтуде. Ал сол күн туған кезде қай жарыс көлігінің бағы жанайын деп тұр деп ойлайсыз? Әрине, Tesla. 

Клаус пен Брис дайындаған дизайнерлік Tesla көліктері 2030 жылы жарыс жолында сағатына 450 км жылдамдықпен қозғалады деп көрсетіп отыр. Тіпті тәжірибе нәтижесі оң көрсеткіш берген. Олардың айтуынша 2030 жылы жарыс алаңындағы көліктер арасында тарихи өзгеріс болады. 
 

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!