2020 жылы республикалық маңыздағы жолдардың бойына 600 бейнебақылау камерасы орнатылады

16:24, 4 ақпан 2020
2099

Еліміздің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 11 мың шақырымында 600 бейне-бақылау камерасы орнатылады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ-ға сілтеме жасап.

"Камералар ел жолдарындағы қозғалысты тәулік бойы бақылайды. Тұтастай алғанда, мұндай қондырғылар 2024 жылға дейін еліміздегі республикалық маңызы бар жолдардың 32 учаскесінде пайда болмақ", делінген ведомства сайтында.

Әзірлеушілердің айтуына қарағанда, есептеу қуаттылығы мен арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету ақпараттың кең көлемін нақты уақыт режимінде өңдеуге мүмкіндік береді.

Осылайша, көлік қозғалысының жылдамдығы мен бағыты, жеке деректерді пайдаланусыз көлік құралының типі, сондай-ақ, жол жиегімен қозғалып келе жатқан және мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген автокөліктер анықталады. Бейне-бақылау камераларының басты міндеттерінің бірі – белгіленбеген жерде тоқтау, кері бағытта қозғалу, қозғалыстың қарсы жиегімен жүру, жылдамдық режимін асыру сияқты жолда жүру ережелерін бұзудың фактілерін тіркеу. Бұдан бөлек, жүйе автоматты режимде жол трафигінің мөлшерін тіркеуге, камераның осіне қарамастан көлік құралының қозғалысын анықтауға мүмкіндік береді.

Жолдарда төлем алу жүйесі инфрақұрылымның кең шоғырын ұсынбақ. Осылайша, оларға стационарлы бақылау пункті, автоматты идентификациялау құралдарының аппаратты-бағдарламалық кешені, мониторинг, деректерді өңдеу, пайдаланушылармен жұмыс орталықтары, сондай-ақ, деректерді жіберуге арналған байланыс каналдары жатқызылады.

"QazAvtoJol" ұлттық компаниясы өткен жылдың желтоқсанында республикалық маңызы бар автомобиль жолдары арқылы жүріп өту үшін ақы алу жүйесін орнату және қызмет көрсету бойынша инвестициялық конкурстың қорытындысын жариялағанын еске салайық. Оның қорытындыларына сәйкес қазақстандық және тайваньдық консорциуммен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір