2019 жылғы қаңтар-тамызда 572 766 жеңіл автокөлік тіркелді

09:08, 16 қазан 2019
2341

2019 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Республикасында 572766 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,4%-ға ұлғайды, деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3686,2 мың бірлікті құрады.

Ағымдағы жылғы қаңтар-тамызда 14781 адам зардап шеккен 10109 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 4,6%-ға ұлғайды.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 18,9 млрд теңге сомасына 48842 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!