2018 жылғы ең сұранысқа ие автокөлік анықталды
Сарапшылар әлемдегі ең сұранысқа ие автокөлікті атады, деп хабарлайды Baq.kz.
"Автостат" сараптамалық агенттігінің мәліметіне қарағанда 2018 жылдың алғашқы жартысындағы ең сұранысқа ие автокөлік - Toyota Corolla. Не бары алты айдың ішінде әлем бойынша аталған моделдің 611 мыңы салытыл үлгерген. Сарапшылардың айтуына қарағанда өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда сатылған машина санында айтарлықтай өзгеріс жоқ.
Ал "өтімді" машиналардың екінші орнында - Ford F-Series тұр. Өткен жылмен салыстырғанда 3 пайыз артық сатылған бұл автокөліктің жарты жылдың ішінде 537 мың данасы өтіп кеткен.
Алғашқы үштікті халық арасында ең "экономикалық тиімді" саналатын Volkswagen Golf көлігі түйіндеп тұр. Алты айда 442 мың дана автокөлік сатылған бұл моделден.
Ал алғашқы бестікке Honda Civic пен Toyota RAV4 тұрақтаған. Әрқайсысы 425 мың және 409 мыңнан сатылған темір тұлпарлардан байқайтынымыз сатып алушылардың барынша "экономикалық тиімді" автокөліктерге көңіл бөлгендігін көрінеді.
Сонымен қатар сараптамалық агенттіктің болжамынша алғашқы ондықты - Volkswagen Tiguan, Volkswagen Polo, Honda CR-V, Toyota Camry и Chevrolet Silverado иеленіпті.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр