Жаңалықтар Пошта Қолдау қызметі Сұрақтар мен жауаптар Регистрация   ҚазРусEng


Пайдалану ережесі

1. Есепке алу жазбасы

Mail.kz порталында ұсынылатын қызметтерді пайдалану үшін, пайдаланушының сервердегі есепке алу жазбасына тіркелуі қажет.

Тіркелу кезінде, пайдаланушы тіркелу нысанын толтыра отырып, дұрыс және нақты ақпарат беруге міндеттенеді.

Одан кейін пайдаланушы пошта жәшігінің аты мен паролін таңдайды, егер пайдаланушы парольді ұмытып қалған жағдайына арнап резервті e-mail  көрсетеді.  Бұдан әрі өзінің логині мен паролінің қауіпсіздігі және одан кейін барлық жасалатын істерге жауапкершілік Пайдаланушының өзіне жүктелген. Mail.kz белгілі бір логиндерді пайдалануға тыйым салу және/немесе оларды үндеуден алып тастау құқығын өзіне қалдырады. Пайдаланушының логинмен және парольмен авторланбаған қосылыстың кез келген жағдайы туралы және/немесе қауіпсіздіктің кез келген бұзылуы туралы  Mail.kz тез арада хабарлауға міндетті.   

Қарапайым парольдерді пайдалану ұсынылмайды, себебі қастықпен парольді тауып алса, Пайдаланушының есепке алу жазбасын жоғалтып алды деген сөз, мұндай жағдайда осы пошта жәшігіне өз құқығын дәлелдеу өте қиын болады. 

Тіркеу үдерісі аяқталғаннан кейін, Пайдаланушы Mail.kz тегін жеке пошта жәшігіне қосылу үшін логин мен паролді алады.

2. Жауапкершілік аймақтары

Mail.kz жауапкершілік аймағы

Mail.kz Пайдаланушының Пайдалану Ережесін бұзуынан мүмкін болатын ақпараттың жоғалып қалу немесе бүліну мүмкіндігі үшін жауап бермейді.

Mail.kz қандай да бір пайдалану ақпараттарының кешіктірілуі, тоқтап қалуы, дұрыс немесе уақытылы жеткізілмегені және жойылғаны үшін жауап бермейді.

Mail.kz оның пошта сервисінің көмегі арқылы берілетін ақпаратқа бақылау жүргізбейді, өйткені оның нақтылығына, толықтығына және сапасына кепілдік бере алмайды.

Mail.kz пошта қызметін пайдалануда, оның ішінде пошта хабарламаларының сақтау мерзіміне, тіркелген бір пайдаланушымен жіберілуі немесе алынуы мүмкін болатын  хабарламалардың барынша санына, пошта хабарламасының немесе диск кеңістігінің барынша көлеміне, көрсетілген уақыт аралығында қызметке берілген өтініштердің барынша санына және т.б. шектеу белгілеуге құқы бар.

Mail.kz алдын ала ескертумен немесе алдын ала ескертпестен, кез келген уақытта тәртіпті ауыстыруға және шектеу қоюға құқы бар. 

Mail.kz 120 күннің ішінде Пайдаланушы пошта хабарламаларын жібермеген адрестерге қызмет көрсетуді тоқтатуға құқы бар. Бұл жағдайда, пошта жәшігіндегі ақпарат алынып тасталады, ал пайдаланушының электронды адресі жойылады.

Сондай-ақ, Пайдаланушы, оның пошта жәшігі толып кеткен жағдайда, хат-хабар қабылдаудан бас тартқаны үшін Mail.kz  жауап бермейтініне келіседі. 

Пайдаланушының жауапкершілік аймағы

Пайдаланушы Өзінің логині мен паролінің қауіпсіздігіне, сондай-ақ оның логині мен паролімен Порталда жасалатын істің бәріне жауап береді. 

Пайдаланушы жеке пошта жәшігінен берілетін барлық материалдардың мазмұнына жауап береді, Қазақстан немесе халықаралық заңнамаларға қайшы келетін қандай да бір әрекеттерді жасау үшін  mail.kz сервисін пайдаланбауға міндеттенеді.

Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңын бұзатын;  спам, вирус немесе зиян келтіруші бағдарлама; жала тағатын, адамгершілікке зиян келтіретін; автор құқығын бұзатын, нәсілдік, этникалық, жыныстық, діндік, әлеуметтік белгілер бойынша адамдардың өшпенділігін және/немесе кемсітушілігін насихаттайтын, нақты бір адамдар немесе ұйымдардың атына кір келтіретін, кәмелетке толмаған адамдардың құқығын бұзатын және/немесе оларға кез келген түрде зиян келтіретін ақпаратты тарату және сақтау үшін Mail.kz пошта сервисін пайдаланбауға міндеттенеді;

Пайдаланушыларға жіберілген және Mail.kz туралы ұйымдастыру-техникалық ақпараттан тұратын Mail.kz пошта хабарламалары спам деп есептелмейді.

3. Құпиялылық

Сіз Порталда тіркелген кезде, сіздің атыңыз және тегіңіз, логин мен пароліңіз, сондай-ақ электронды пошта адресі (резервтегі e-mail) сұратылады, ол паролді тез және қауіпсіз қалпына келтіру үшін немесе Mail.kz әкімшілігі сізбен шұғыл жағдайда байланысуы үшін қажет (мысалы, пайдаланылмағандығы үшін тіркеуді жояр алдында). Бұл адресті Mail.kz басқа таратулар үшін пайдаланбайды.

Mail.kz әкімшілігі тіркеу кезінде Пайдаланушы ұсынған ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді. Әкімшілік Пайдаланушының пошта жәшігін қандай жағдай болса да оқымауға, өзгертпеуге және басқа адамдарға Пайдаланушының пошта жәшігіне қосылыс бермеуге міндеттенеді.  Заңмен қарастырылған жағдайлар ғана, ерекше қаралады. 

Mail.kz пошта порталының жұмысы аясында хат алысудың құпия болуы қамтамасыз етіледі және  Mail.kz. Пайдаланушысы туралы жеке ақпараттың құпиялылығы сақталады.

Жеке ақпаратты беру сізге таңдалынған қызметтерге қосылуға мүмкіндік беруді қамтамасыз етеді.  Сіздің жеке деректеріңіз сайттың қызметтерімен пайдаланған уақыттың бәрінде де әрдайым біздің жүйеде сақталатын болады.    

4.  Хат-хабарларды сақтау

Mail.kz серверіндегі әр пайдаланушының электронды пошта жәшігі үшін берілген диск кеңістігінің жалпы көлемі шектелген және ол 50 Мб құрайды. Пайдаланушы, оның пошта жәшігі толып кеткен жағдайда, хат-хабарларды қабылдаудан бас тартқаны үшін Mail.kz жауап бермейтіндігімен келіседі. Бұдан басқа, 120 күннің ішінде жәшікте авторландыру болмаған жағдайда, пошта жәшігі автоматты түрде блокқа алынады, пошта жәшігіндегі ақпарат алынып тасталады, ал пайдаланушының элекронды адресі жойылады.